Ақтөбеде қоқысты көшеге тастайтын жауапсыз тұрғындармен күрес басталды
Автор: Нұрсұлтан Құдайбергенұлы
28.04.2011
Ақтөбеде қоқысты көшеге тастайтын жауапсыз тұрғындармен күрес басталды. Жаппай сенбіліктің барысын қадағалау жергілікті учаскелік инспекторларға жүктелген. Қала тазалығына атүсті қараған азаматтарға айыппұл салынып жатыр.
Полицейлер шараны ұйымдастырудың алдында тұрғындарға алдын-ала ескерткен. Халық арасында бұл рейдті қалжын деп қабылдағандары да болыпты. Бірақ көше, жеке үйлердің маңында жатқан қоқыстардың иелері анықталып, тиісті айыппұлдарын төлеген. Екі күннің ішінде жиналағн айыппұл көлемі 1 милион теңге шамасында. Тәртіп сақшылары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тіпті салақ тұрғындарға қатысты бұлтартпас дәлелдер келтіру үшін қоқыс қаптарын ақтарып жатыр. Мәселен, мына резюме иесі енді заң алдында жауап беретін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!