{metadescription}
0:000:00
Еліміздің барлық өңірінде қарақұмық тағы да қымбаттады

Еліміздің барлық өңірінде қарақұмық тағы да қымбаттады

Қарақұмық таптырмас астың біріне айналды. Еліміздің барлық өңірінде дәнді дақылдың осы түрі тағы да қымбаттады. Тіпті, кейбір аймақта дүкендер мен сауда орындары бағасы шарықтаған осы тауарды сатудан бас тартқан. Мұндай үрдіс елдің шығысында, солтүстігінде, батысында да байқалуда.  

Дүкенге келген әр тұтынушы қарақұмықтың нақты бағасын білмейді. Себебі қазір бұл тауардың құны күн сайын өзгеруде. Петропавлдықтар 500 теңгеге дейін шарықтаған бағаны ашық күнде қалта тонауға теңеп отыр.

Татьяна Коцель, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Қарақұмықты қатты сағындық. Амалдың жоқтығынан мына 400 грамм қарақұмықты 250 теңгеге сатып алдым. Бір рет сатып алып жейміз де, сонан соң ұзақ уақытқа оның дәмін ұмытамыз.

Қарақұмық қымбаттаса да, саударгерлер пайда азайды дейді. Себебі қазір әркім қалтасындағы қаражатын естептеп, жарты келіден артық алмайтындықтан табыс та азайған. Сондықтан олардың кейбірі қарақұмықты сатуды мүлдем тоқтатыпты.

Елена Ткаченко, сатушы:

- Бір айдан асты біз қарақұмықты сатпаймыз. Алатын адам жоқ. Тауар өтпей сөреде жатып қалады. Мұндай тауарға ақша салу тиімсіз.

Ақтөбе де Петропавлдың кебін киіп отыр. Тамақты денсаулығына қарай талғап жейтін кейбір науқастар қарақұмықтың қалдығына да зар боп қалған. Себебі мұндағы дүкен мен базар сатушылары қордағы қалдық тауардың өзін қымбатқа саудалайды. 

Раиса Кенжебаева, сатушы:

- Менің сатып жатқаным қарақұмықтың қалдығы. Қазір бағгасы кымбат- 500 теңге! Енді өзімізге қымбат алып келеді. Төлейтініміз үстіне 20 теңге.

Ең қымбат баға Ақтауда екен. Мұнда қарақұмықтың келісі 700 теңгеге дейін жеткен. Ал елдегі ең арзан өңір Шығыс Қазақстан болып шықты. Қазір Өскемендік сатушылар деликатес тауардың келісін бар-жоғы 420 теңгеге бағалапты.

Айгүл Баянаева, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Қарақмық әлі де қымбаттайды. Тура шарықтап барады. Бағаны қолдан көтеріп жатыр. Бұл сұмдық қой!.

Естеріңізде болса жақында ғана Елбасы жергілікті әкімдер мен министрлерге дүкенге барып, ең болмаса азық-түліктің бағасын білуді тапсырған болатын. Дегенмен шарықтаған бағаны сол билік өкілдерінің өздері ауыздықтауға құлықсыз сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде