{metadescription}
0:000:00
Америкалық полицейлердің қолынан қаза тапқан жерлесімізге қатысты тергеу жұмыстары басталды

Америкалық полицейлердің қолынан қаза тапқан жерлесімізге қатысты тергеу жұмыстары басталды

Америкалық полицейлердің қолынан қаза тапқан жерлесімізге қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Кеше хабарлағанымыздай АҚШ-та оқып жүрген қарағандылық Кирилл Денякинді сол елдің құқық қорғаушылары асқан қатыгездікпен өлтіріп тастады.

Өздерін демократияның туын тіккен елміз деп кеуде соғатын америкалықтар, осылайша, істің ақ-қарасына жетпей жатып, адам өлтіріп жатыр. Марқұмның туыстарының айтуынша, Кирилл оқуынан қолы босағанда сондағы Портсмунд қаласындағы  достарының үйіне қыдырып барған. Үй иелері үйінде болмаған, бірақ Кириллді көрген көршілер оны  «ұрлықшы» деп ойлап, полиция шақыртыпты. Дереу жетіп келген тәртіп сақшылары үйдің есік алдында тұрған Кириллге жөн сұрамастан алты рет оқ атып, жігітті асқан қатыгездікпен өлтірген. Қазақстан азаматын өлтірген полицейге қатысты әлі күнге дейін ешқандай шара қолданбаған, қайта керісінше, ол мерзімінен бұрын демалысқа кетіпті. Қазір осы іс бойынша АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі сондағы мемлекеттік департаменттің лауызымды өкілдерімен кездесіп, істі тиянақты түрде тергеуді талап етуде.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы:

-Біздің қойып отырған басты талабымыз қаза тапқан азаматтың отбасына моральдық шығынды төлеттіру. Содан кейін, әрине, Кирилл Денякинды өлтірген полицейдің тиісті жазаға тартылуын талап ету. Қазір бұл іспен біздің сондағы елшілік айналысуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде