Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін
Автор: Әлия Нұрлан
28.04.2011
Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін. Ресей бірнеше күннен кейін сұйық отынды экспорттауды тоқтатады. Бізге осыған дейін көршілес елден өнімнің едәуір бөлігі әкелініп отырған. Енді жақынарада бұл мүмкіндікке қол жеткізуіміз екіталай.
Өйткені ресейліктердің өздері бензин дағдарысын сезінуге мәжбүр. Бірқатар аймақтарда, тіпті, жанар-жағармай құю станциялары жабылып қалған. Тауар бағасы да күрт өсті. Жағдайды тұрақтандыру үшін мамыр айында жанар-жағармайды сыртқа шығаруға тыйым салынды. Уақытша қолға алынған шараның қандай мерзімге жалғасатыны белгісіз. Ал қазақстандықтарға әзірге қажеттіліктерді өтеудің өзге жолдарын табуға тура келеді. Бізде жоғары октанды бензин көп көлемде өнідірілмейді. Сондықтан өнімнің 30-40 пайызын ресейліктер қамтамасыз етіп келген. Көршілес елдегі ахуалға байланысты жанаржағармай қымбаттауы да мүмкін. Жауапты ведомство өкілдері қазір іс жоспарын дайындауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!