{metadescription}
Қарағандылық бүлдіршіндер қалпақтар сайысын ұйымдастырды
Қарағандыда ерекше байқау өтті. Жаз маусымы алдында ұйымдастырылған Қалпақтар сайысының қатысушылары - бүлдіршіндер. Балалар жазда шақырайған күннің қызуынан қорғайтын қалпақтарды асқан шеберлікпен жасаған. Қаладағы балабақшалардың бірі ұйымдастырған байқауға 100-ден астам астам балақай қатысты. Ата-аналарымен бірлесіп әзірлеген қалпақтар көзің жауын алады. Қазылар алқасы да бала қиялының ұшқырлығына таңданыстарын жасыра алмай, қатысушылардың барлығын бірдей жеңімпаз деп таныды.
Автор: Ербол Сейілхан
02.06.2011
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!