Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.06.2011
Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал екі бірдей кісі өлімімен аяқталды. Қанды оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында орын алды. Ұрыс-керістен кейін күйеуі алдымен әйелінің басын балтамен шауып, артынан өзі асылып қалған.
Үйдегі қанды оқиғаны алдымен әке-шешесіне қонаққа келген ұлдары көріпті. Полицияға хабарлаған да солар. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары 1961жылы туған азаматшаны күйеуі балталап өлтіргенін анықтады. Кейін қора жаққа барып өз-өзіне қол салған. 56 жастағы отағасы өлер алдында «Қош болыңдар!» деп тілдей хат қалдырыпты. Басқа ештеңе жазбаған.
Рүстем Шаймұратов,Ақмола облыстық ІІДбаспасөз қызметінің инспекторы:
- Оқиға орнына жедел іздестіру тобы барды. Тергеу амалы кезінде отбасындағы жағдай жақсы екені белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мәйіттер мәйітханаға жөнелтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!