Жамбыл облысында шекарашылар аса ірі көлемдегі есірткіні жолдан тауып алды
Автор: Әйгерім Асқарқызы
09.06.2011
Жамбыл облысында шекарашылар аса ірі көлемдегі есірткіні жолдан тауып алды. 30 келі героин жүз шақты қанап қапқа салынған киім-кешек пен төсек жабдықтардың арасына жасырылған екен.
Заңсыз тауар иелері есірткіні қырғыз шекарасынан алып шыққанымен, әрі қарай әкетуге үлгермеген секілді. Шекарадан 17 шақырым жерге, айдалаға тастап кетіпті. Героиннің қара базардағы құны 130 млн теңгеге бағаланып отыр.
Қанат Оразов, Жамбыл областық №2035 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
- Бұл ҚР Шекара қызметінің 2011 жылдағы тауып отырған ең ірі көлемдегі есірткі заты. Қазіргі уақытта контрабандалық жүкке қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!