Алматы: Заречныйдағы 7552 әскери бөлімі бір сарбазынан айырылды
Автор: Ғабит Ұзақбай
09.06.2011
Әскери қызмет орындарының бірінде тағы да бір қайғылы жағдай тіркелді. Алматы қаласының іргесіндегі Заречный елдімекенінде орналасқан 7552 әскери бөлімі бір сарбазынан айырылды.
Опат болған жауынгер- Мәди Айтақынов. Алдынала белгілі болған ақпаратқа сәйкес, сарбаз өзін абайсызда атып алған. Қазір аталмыш жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, әскери тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай әскери бөлім басшылығы да қойған сұрақтарымызға жауапты қысқа қайырды.
Жангелді Әбдіқадыров, №7552 әскери бөлімінің батальон командирі:
- Кеше түскі сағат 10-да болды, бұл жағдай. Мен толық білмеймін, нақты қалай болғанын қазір тергеу жұмыстары анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары