Семейде бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды
Автор: Әйгерім Асқарқызы
16.06.2011
Семейде бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Тұрақты мекені жоқ екі азамат кісі өлтіргендерін айтып, өз еріктерімен полицияға келді. Қаңғыбастардың айтуынша, соңғы күндері олардан күндіз күлкі, түнде ұйқы қашып, әбден мазалары кетіпті.
Өйткені олар абайсызда адам өлтіріп алған. Жұмыстан қайтып келе жатқан азаматқа екі жақтан жабыла кеткен бұлар алдымен оның ұялы телефоны мен ақшасын тартып алыпты. Сосын оны есінен тандыру үшін басынан күрекпен ұрған. Қатты тиген соққыдан әлгі адам сол жерде жан тапсырыпты. Қаңғыбастар оқиға орнына полицейлерді өздері ертіп апарды. Заттай айғақтарды тапсырып, мәйітті көмген жерлерін көрсетіп берді. Бірақ қылмысты қай күні жасағандары естерінде қалмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!