Қазақстандық көлік тасымалдаушылардың айла-тәсілдері неміс полициясын таң қалдырды
Автор: Ерланби Дәулетияр
16.06.2011
Біздің көлік тасымалдаушылар неміс полициясын тапқан айласымен таң қалдырды. Қазақстан азаматтары аталмыш елде сатып алған көлігін шағын автобусқа тиеп алып кетпекші болған.
38 жастағы Константин Крол мен 28 жастағы Цезарь Шмелевский “Мазданы” «мини-вэнге» бір бүйірімен жатқызып тиеген. Машинаның сырты зақымданбауы үшін жан-жақтарын көрпе-жастықпен қымтапты. Алайда “Мазда” кішкентай автобусқа сыймай, капоты «мини-вэннің» алдыңғы терезесіне тірелсе, арты далаға шығып кеткен. Мұндай қызықты бұрын көрмеген неміс полицейлері жерлестерімізді тоқтатып, екі көлікті де тәркілепті. Енді сатып алынған темір тұлпар тасымалдауға арналған көлік жалданған жағдайда ғана иелеріне қайтарылады. Солайша қазақстандықтар ақшаларын үнемдемекші болған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!