«Нұр Отанның» «Нұр Сұңқары» КТК арнасының бағдарламасына бұйырды!
Автор: Ғабит Ұзақбай
23.06.2011
«Нұр Отанның» «Нұр Сұңқары»! Журналистер күніне орай билік партиясы бұқаралық ақпарат құралдары арасында бәйге жариялаған болатын. Осыған сәйкес, журналистиканың бірнеше саласы бойынша жүлделер тағайындалды.
Астанадағы Конгресс-Холл сарайында бүгін аталмыш байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқау негізінен 18 аталым бойынша өткен. Әрбір жүлдегерге 300 мың теңгеден ақша және арнайы статуэтка табысталды. Жеңімпаздардың ішінде біздің әріптесіміз, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепбергенова да бар. Ол «Көзқарас» номинациясы бойынша үздік шықты.
Дина Төлепбергенова, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі:
- Осы сапарға аттанар кезімде анама «Нұр-Сұңқар» жүлдесіне үміткер болыппын, енді Астанаға бара жатырмын, - деген кезімде – қызым, сен олар туралы ешқандай жақсы сөз айтпадың ғой, абайлашы, - деп еді. Дәл қазір ол кісінің мені осы жерден көріп, қуанып отырғанына сенімдімін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары