{metadescription}
0:000:00
Мұсылман балаларға арналған жазғы демалыс лагері ашылды

Мұсылман балаларға арналған жазғы демалыс лагері ашылды

Мұсылман балаларға арналған жазғы демалыс лагері! Қарағанды облысының Тегісжол ауылындағы мешіт жанынан осындай ерекше демалыс орны ашылды. Басқалардан өзгешелігі –  ер балалар діни дәріс алып, араб тілін үйренеді. Намазға жығылудың амалдарына қанығады. Ал жергілікті имамдар Алласын таныған жеткіншектердің келешекте жаман қылықтардан аулақ болатынына сенімді.

Тұңғыш рет мешіт жанынан ашылған демалыс лагері әзірше тек ер балаларға арналған. Алғашқы маусымға облыстың әр қиырынан келген 8-14 жас аралығындағы 20 жеткіншек қабылданды.

Жазғы демалыс орны дегені тек аты ғана. Балалардың сайран салып, ойын қууына мұршалары  жоқ. Тілін кәлимаға келтіріп, құран жаттап, араб тілін үйренуге аса  ден қойған. Тіпті бір жұманың ішінде 3-4 сүрені жатқа оқитын дәрежеге жетіпті.

Сәкен Мүкеев,  «Мұрат-ата» мешітінің имамы:

- Әрине, олар өз қалауымен  діни тәрбиені үйренеді. Өздеріне қажетті нәрселерін алып жатыр. Біреудің мәжбүрімен келген емес.

Мұнда мұсылмандық тәрбиеден бөлек, ұлдарды үй шаруасына да бейімдейді. Оның қыр-сырын астаналық медресенің түлектері үйретуде.

Рашид Жұмағұлов, тәрбиеші:

 - Көп нәрсе үйренбеген, ерке балалар. Үйрету керек. Қатты ұрыспаймын, ұрмаймын да. Айтасың, түсіндіресің.

Демалыс орнын ұйымдастыруға бюджеттен бір тиын да бөлінбеген. Азық-түлік  шығынын ауыл кәсіпкерлері өз мойнына алыпты. Жоспар бойынша екі мауысымда қырық бала шариғат шарттарын үйреніп шықпақ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.