Кипрде әскери қойма жарылып, 17 опат болды
Автор: Дастан Шымырбай
11.07.2011
Кипрде теңіз-әскери базасының қоймасы жарылып, 17 адам опат болды. Марқұмдардың барлығы сол жерде қызмет еткен сарбаздар мен жарылыстан кейінгі жалынды өшіруге келген өрт сөндірушілер.
Оқыс оқиға елдің оңтүстігіндегі Лимасол қаласы маңындағы базада орын алды. Ақпараттарға қарағанда, үш жыл бұрын ирандық кемеден тәркіленген қару-жарақ жарылған- бас аяғы 98 контейнер. Бұл кезде әскери база аумағында 200 қызметкер болыпты. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де өсу түсуі мүмкін деген болжам бар. Оның үстіне, снаряд пен зымыран жарықшақтарынан маңайдағы елдімекендерге зақым келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!