Балқаштың АК 159/21 түрмесінде төтенше оқиға!
Автор: Дастан Шымырбай
11.07.2011
Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласының АК159/21 түрмесінде төтенше оқиға! Жазасын өтеп жатқан 16 адам жаппай қашпақ болып, күзетшілермен атысқан. Қақтығыс кезінде қылмыстық атқару жүйесінің 1 қызметкері опат болып, 4 күзетші ауыр жараланды.
Ал әзірге белгілі ақпарат– қашу жоспары орындалмаған сотталушылар түрме ішінде 30 адамды кепілге алмақ болған. Ақыры ол ойлары да іске аспай, ішке арнайы жасақ басып кіргенде олар газ баллонмен өздерін жарып жіберіпті. Әзірге ресми орындар қаншасының өлгенін нақты білмейді. «Оқиға орнында тазалау жұмыстары жүріп жатыр» - дейді Қылмыстық атқару жүйесінің басшылары.
Талғат Ахметов, ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:
- Кислород баллонмен жарған, сол жерді қазып, тазалап жатыр. Тазалағаннан кейін белгілі болады. Әзірге ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!