Қырғыз жері байырғы буддашылар мекені болуы мүмкін
Автор: Құралай Пионер
15.07.2011
Қырғыз жері байырғы буддашылар мекені болуы мүмкін. Оған Шу облысындағы қазба жұмыстары барысында табылған ғибадатхана айғақ. Археологтар, сондай-ақ, аталмыш жерден биіктігі екі метр болатын Будда мүсінін аршып алды.
Мамандар лотос гүлі іспетті кейіпте отырған қыш мүсінді Қызылөзен елдімекенінің маңынан тапқан. Будданың қасында одан сәл кішілеу тағы екі мүсін қоса шыққан. Алайда ұзақ жылдар жер астында жатып қалғандықтан, ескерткіштің кей тұстары бүлініпті. Ғалымдардың болжамынша, монумент біздің эрамызға дейінгі 8-10 ғасырларға жатады. Қазір ресейліктер мен қырғыз археологтары күш біріктіріп, мүсінді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Құнды қазына елдің мемлекеттік мұрайжайының ең басты жәдігерлерінің бірі болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары