Ливияда бүлікшілер балалардан баскесер дайындауда
Автор: Дастан Шымырбай
15.07.2011
Ливияда бүлікшілер балалардан баскесер дайындауда. Бірнеше айдан бері Каддафиге қарсы шыққандар енді жеті жастан жоғары бүлдіршіндерді арнайы әскери дайындықтан өткізіп, соғысқа жібермек.
Бүлікшілер Ливияда 1 млн.ға жуық бала бар, егер керек болса, олардың бәріне қару ұстатамыз дейді. Бұл Миссурат қаласындағы әскери дайындыққа баулу орталығы. Мұнда 50-ге жуықжеті жастан асқан бала қазір қаруды қалай пайдалануды үйренуде. Әзірге олардың көпшілігі қару тазалап, оқтап беру жұмысымен айналысуда. Ал батыс ақпарат құралдары, “балалар да Каддафиге қарсы шықты” деп сүйінші сұрағандай жарыса жазды. Сұмдығы сол, бүлікшілердің бақылауындағы Ливияның шығыс бөлігінде толығымен орта мектептер жабылған.
Раджап Исмаил:
- Қарудайындап жатырмыз. Тазалаймыз, істен шыққан жерін ауыстырамыз. Ал кейбір ересек балалар майдан ортасында жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!