{metadescription}
0:000:00
Кәрім Мәсімов  жауапсыз қалған сұрақтарға  жазбаша жауап қайтарам деп уәде етті

Кәрім Мәсімов жауапсыз қалған сұрақтарға жазбаша жауап қайтарам деп уәде етті

Премьер-министр онлайн байланыста. Бүгін Үкімет басшысы алдын-ала жіберілген сұрақтарға жауап берді. Интернет конференция бір жарым сағатқа жалғасты. Келіп түскен сұрақтардың жалпы саны 2 мыңнан астам. Кәрім Мәсімов солардың ең маңызды, қызықты деген 50-іне жауап берді. Ал қалғандарына жазбаша жауап қайтарам деп уәде етті.

Ең басты сұрақтың бірі  - аспандап кеткен жанармай бағасы. «Бұл мәселе бір-екі күнде шешіледі»деген премьер,бағаны заңсыз көтергендердің жазасын алатынын да жеткізді. Жалпы еліміз бензин тапшылығынан 2015жылға қарай толық құтылмақ. Бірақ,жаңа мұнай өңдеу зауыттары салынбайды, тек қолданыстағы үшеуін күрделі жөндеуден өткізбек. Ал Кеден Одағы, Мәсімовтың пікірінше, еліміз үшін экономикалық жағынан тиімді. Ел тәуелсіздігіне, тіліне қауіп төндіріп жатқан ешкім жоқ, ортақ валюта да әзірге жоспарда жоқ.  «Қытайға жер беріледі-мыс деген қауесет те даурыққандардың бос әңгімесі», - деді Преьмер. Көптен бері жұрттың ауызында жүрген хиджаб мәселесі де назардан тыс қалмады. Үкімет хиджаб киюге ешқандай шектеу қоя алмайды деп отыр Мәсімов. Жалпы,премьер жұрт қатарлы кітап оқығанды, ән тыңдағанды, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде