Павлодарда жол апатынан екі адам мерт болды
Автор: Айжан Әлібек
19.07.2011
Павлодардың қақ ортасында болған ірі жол апатынан 2 адам көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды.
Болған жайтты куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Таңғы сағат төрттер шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан БМВ көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі бірнеше ағашты жайпап өткен. Артқы дөңгелегі жұлынып кеткен кезде бір-ақ тоқтапты. Күл-талқаны шыққан көліктегі бес адамның екеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, 22 жастағы жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!