Ақтауда тұрғындар өртенген үйден 4 бүлдіршінді аман алып шықты
Автор: Құралай Пионер
26.07.2011
Ақтауда қызыл жалынның ортасында қалған ағайынды төрт бала өлім ауызынан қалды. Ата-анасының қарауынсыз қалған олар үйде өрт шыққан кезде терезеден көмек сұрай айғайлаған. Абырой болғанда, балғындардың жан ұшыра шыққан дауысын кездейсоқ өткіншілердің бірі естіп, дереу келген.
Ал пәтер түгелімен жанып кетті. Қазір аман қалған балалар дәрігерлердің бақылауында. Барлығын орташа деңгейдегі күйік шалған. Бүлдіршіндердің алды 6 жаста екен. Өртенген пәтердегі балалардың дауысын бірінші болып Леонид Себеряткин естіген. Содан бірден достарын шақырып, ішке кіргенін айтады. Бірақ балалардың барлығы бұл кезде ессіз жатқан көрінеді. Ал көршілер жедел-жәрдем мен өрт сөндірушілерді шықырған. “Алайда құтқарушылар жетеміз дегенше пәтер толық жанып кетіпті”, - дейді куәгерлер. Әзірге өрттің нақты шығу себептері анықталған жоқ. Және балаларын қараусыз қалдырған ата-анаға іздеу салынды.
Балапан Әуезғалиева, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Өрт сөндіру қызметін үш мәрте шықырттық. Олар келеміз дегенше бір сағат өтті. Егер балаларға көмек келмей, іште қалып қойғандарында не болар еді?!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!