{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда туристер жоғалып кетті
Оңтүстік Қазақстан облысында бір топ турист жоғалып кетті. 10-шілде күні Сайрам шыңын тамашалауға аттанған 12 адам 20-шы шілде күні оралулары керек еді. Алайда олардан әлі хабар-ошар жоқ. Бүгін жергілікті төтенше жағдайлар департаментінен 6 альпинист, жедел іздестіру қызметінен 6 адам туристер кеткен демалыс аймағына аттанды. Аудан Өзбекстанмен шектесетіндіктен, олар көрші елдегі әріптестерімен байланысқан. Өкінішке орай, өзбек шекарашыларында да із-түзсіз кеткен біздің туристер жайында әзір ақпарат жоқ.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
26.07.2011
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!