Ең өтімді жанармай түрлері түгелдей 4 теңгеге қымбаттады
Автор: Дастан Шымырбай
27.07.2011
Үкімет жанармай құнын ақыры көтеруге мәжбүр болды. Енді алдағы айдан бастап АИ-92 отыны 106 теңгеге, ал ауыл шаруашылығына ең қажетті АИ-80 мен дизель отыны 90-теңгеге дейін қымбаттамақ.
Бүгін Мұнай және газ министрлігінде жанармай бағасына қатысты жиын өткен. Онда бағаны қайтсек те көтереміз деп қыр көрсеткен жанармай бекеттері басшыларының уәжі қаралды. Соған сәйкес, дизель отыны, АИ-80 және АИ-92 маркалы жанармайдың құны 4 теңгеге қымбаттайды. Айта кетейік, бірқатар кәсіпкерлер көтерме нарықтың бағасы Үкімет тарапынан бақыланбайтынын айтып, бензин құнын өз беттерімен көтере бастаған болатын.Алшенеуніктер бұндай қадам жасауларын кеден шекарасының жойылуымен байланыстырады. Әрі қазір Ресеймен салыстырғанда бізде сұйық отын 20 пайызға арзан. Сондықтан көршілерміз өнімдерін біздің елге экспорттаудан бас тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары