{metadescription}
0:000:00
Өзбекстанда қамауда отырған қазақстандық туристердің 9-ы елге ертең қайтады

Өзбекстанда қамауда отырған қазақстандық туристердің 9-ы елге ертең қайтады

Өзбек билігі қамауда отырған қазақстандық туристердің 9-ын айыппұлсыз босатады. Көрші елдің шекарашылары бұған дейін жеткіншектерді елге жіберу үшін 1 млн сом сұраған болатын. Елге олар ертең келеді деп күтілуде. Бірақ сол туристік топты бастап барған үш ересек альпинистің жайы әлі белгісіз. Өзбек жағы оларды шекараны заңсыз кесіп, қару тасымалдады деп айыптап отыр. Шекарашылар отандастарымыздың бірінен аңшы мылтығын тәркілепті.

Ұсталған қазақстандық жасөспірімдер Янгиюл қаласының қабылдау-тарату мекемесінде жатыр. Олармен кездесу үшін ата-аналары бір тәуліктен астам уақыт түрлі шенеуніктердің рұқсатын алып жүрген. Балалардың айтуына қарағанда, өзбек шекарашылары оларға аса қауіпті қылмыскерлерлер сияқты қарапты.

Махаббат Нартаева, ұсталған баланың анасы:

-Балам айтады: әскерилер топтап келіп бізді қоршады, қолдарында автоматтар бар еді. Соларды көрген кезде, шетке бір қадам жасау түгілі, сөйлеуге де қорқып қалдық дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 жасөспірім мен 3 ересектен құралған оңтүстік-қазақстандық туристтік топ Өзбекстанның Бостандық ауданында 14 шілдеде ұсталған болатын. Бірақ бұл туралы ресми ақпаратты көрші ел тек екі аптадан соң ғана жолдады.

Ілияс Омаров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Біздің азаматтарымызды өзбек тарапы шекараны заңсыз өтті деп айыптауда. Онымен қоса туристтердің бірі Ербол Оразалинде мылтық болған екен. Осыған байланысты қару контрабандасы факті бойынша да айыпталып отыр.

Дегенмен, белгілі альпинист Ербол Оразалиннің өзі, таулы аймақта ит-құс көп жүретіндіктен, мылтық қауіпсіздік мақсатында алғанын айтыпты. Оның үстіне Өзбекстанның аумағына өтіп кетеміз деп ойламаған. Сондай-ақ жеткіншектерді бастап барған топтың тағы бір мүшесі Марс Садықов қант диабетімен аурады екен. Оның денсаулық жағдайы туысқандар мен достарын қатты алаңдатып отыр.

Шоқан Баймұхамедов, ұсталған туристтің досы:

-Біз оған милиция қызметкерлері арқылы инсулин жіберіп, эндокринолог дәрігердің кеңесін талап еттік. Бірақ бұл талабымыз орындалды ма, жоқ па, біз білмейміз.

Ұсталған балалардың ең кішісі 9 жаста. Ол осы Марс Садықовтың баласы.

Қамауға алынған жасөспірімдірдің ата-аналары Өзбекстанда. Балаларын ертең босатуға уәде берген тергеушілердің сөзінде тұратынына үміттеніп отыр. Ал ересек туристтердің тағдыры әзірге белгісіз. Шекараны заңсыз жерде қару ұстап өткені үшін көрші елде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл кикілжіңді оңай жолмен шешу мақсатында екі мемлекеттің дипломаттары барынша ат салысуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде