{metadescription}
Бакудегі  қазақ боксшылары  тамаша өнер көрсетуде
Бакудегі  қазақ боксшылары  тамаша өнер көрсетуде

Бакудегі қазақ боксшылары тамаша өнер көрсетуде

Бакудегі  лицензиялық әлем чемпионатында қазақ боксшылары  тамаша өнер көрсетуде.

 Әзірге төрт боксшымыз Лондон олимпиадасының жолдамасын қалтаға басса, ендігі  сыйды ауыр және аса ауыр салмақтағы  боксшыларымыз Василий Левит пен Иван Дычкодан күтеміз.

Бүгін Шымкентте ҚР 3-ші Паралимпиадалық ойындарының алауы жағылды.

Төртжылда бір өтетін биылғы дода ел аумағынан 507 спортшының басын қосты. 2012 жылы Лондонда өтетін Паралимпиадалық ойындарға лицензияны жеңіп алуға дайындық кезеңі саналатын сайыста 523 медальдар топтамасы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жеңіпмаздарға жалпы сомасы 134 мың АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйлық та тағайындалған. Төрт күнге созылатын отандық спорт мерекесіне қатысушылар  жүзу, пауэрлифтинг, мылтық ату, жеңіл атлетика, отырып ойнайтын волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен сайысқа түседі. Жарыстың негізгі кезеңі ертең басталады.  

Елсияр Қанағатов, ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы, Ұлттық  паралимпиада комитетінің төрағасы:  

- Осы паралимпиада ойындарының, паралимпиядалық қозғалыстың арқасында 13 мыңнан астам спортшылар спортпен айналысады. Бірақ, әлде де көп мүмкіндігі шектеулі азаматтарспортқатартылуы керек. Кейбіреулері үйінде  қайғырып отырады. Соларды осы спортпен баулып, спортпен айналысса,  болашқта өздері де жақсы деңгейде болады.

Мұхиттың арғы жағында доп теуіп жүрген француз шабуылшысы Тьерри Анри өзінің жаңа командасы  “Нью-Йорк Ред Буллске” жеңіс сыйлады.   Оның командасы 2:0 есебімен әйгілі Дэвид Бекхэм өнер көрсететін “Лос-Анджелес Гэлаксиден”  басым түсті. 

Кездесу басталысымен бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырған алаң иелері   үзіліске дейін  алға шығып үлгерді .  Бұл  ойын сәтінде бұрыштан берілген допты қақпаға дәл бағыттаған  Луке Роджерс  көзге түсті. Осы голдан кейін  есепті теңестіруге күш салған қонақтардың әрекеті өз жемісін бере қоймады.  Команда лидері, айып добын орындаудың шебері  Дэвид Бекхэмнің де қолы жүрмеді.  Өз кезегінде ойын барысында  бірнеше қауіптің бетін сейілткен  Нью-Йорк қақпашысы Франк Росттың шеберлігін  айта кеткен жөн.   Ал екінші таймда қарымта шабуылдардың бірін голға асырған  Тьерри Анри  бәсекеге нүкте қойды.   Бүгінгі турдың нәтижесі бойынша екі клуб та бұрынғы орындарынан қозғала қойған жоқ.  “Лос-Анджелес”  64 ұпаймен топ бастап тұрса,  “Нью-Йорк” оныншы орында келеді.  

Футболдан 2014-жылы Бразилияда жалауын көтеретін әлем чемпионатына іріктеу матчтарына дайындық қызу жүріп жатыр. Осы жылы Америка кубогын жеңіп алған Уругвай Боливия құрамасын қабылдайды.

Уругвай астанасында дайындықтарын пысықтап жатқан Оскар Табарес шәкірттері алдағы кездесуге тас түйін дайын. Тек жарақат алған Эдисон Кавани мен Мартин Касерес бұл матчқа қатыса алмайды. Есесіне  “Ливерпульде” ойнап жүрген Суарес пен сұрмерген Диего Форлан бабында. Алдағы бәсекеге орай ұйымдастырылған баспасөзмәслихатында уругвайлық бапкер Оскар Табарес Боливияға қарсы кездесуде жеңіске жететініне нық сенім білдірді. Леонель Месси бастаған Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте  Колумбияны қабылдайды.

Алғашқы топтық раундтан сүрінбей өткен  сегіз елдің құрамасы  регбиден әлем кубогы үшін жарыстың плей-офф кезеңінен орын тепті.  Жалпы,  Жаңа Зеландияда өтіп жатқан  әлемдік додада  жиырма елдің ұлттық  құрамасы қатысты.

24-жылдан бері чемпиондық атаққа қол жеткізе алмай жүрген Жаңа Зеландия    алдағы ширек сында Аргентина құрамасымен кездеседі. Ал 8   қазан күні Оклендте  бітіспес-байырғы қарсыластар Англия мен Францияның жолы түйіссе, Веллингтон стадионында  жағрапиялық  көршілер Ирландия мен Уэллс күш сынасады. Төртінші ширек финалдық жұпты құраған Оңтүстік Африка респбуликасы мен Аустралия арасындағы бәсеке де Веллингтон қаласында өтеді.   

Шайбалы хоккейден  Континенттік лиганың кезекті турын Магнитогорскіде жергілікті “Тарактор” клубымен өткізген  Астананың “Барысы” 4:3 есебімен жеңіліс тапты.

 8 қазан күні   астаналық хоккейшілер  Башқұртстанның белді командасы “Салават Юлаевты” қабылдайды. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде