10 сынып оқушысы Тоқтар Әубәкіровтың көрмесін ұйымдастырды
Автор: Әйгерім Асқарқызы
05.10.2011
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа самғағанына 20 жыл толуына орай бүгін Алматыда көрме өтті. Шараны ұйымдастырған – батыр ағасының ізбасары атанғысы келетін 10-сынып оқушысы Әлібек Балахметов.
Бозбала кішкентай кезінен ғарышқа қатысты дүниелерді жинаумен айналысқан екен. Жәдігерлердің арасында марка, ғаламшарлардың суреттері бар түйреуіштер, тіпті ғарышкерлердің тағамдары да бар. Десе де, Әлібектің топтамасында Тоқтар Әубәкіров ерекше орын алады. Арманшыл бала тұңғыш ғарышкеріміздің суреттерін, кітаптарын, ол туралы баспасөзде жарық көрген мақалаларды жинастыруда. Бүгінгі шара Әлібектің қатарластарына аты аңызға айналған адаммен дидарласуға, тілдесуге мүмкіндік берді.
Тоқтар Әубәкіров, Қазақтың тұңғыш ғарышкері:
- Бәріміз қайда жүрсек те, үгіттейік! Неге десеңіздер, Үкімет ұйықтап жүр, қазір! Біз бәріміз, осында жиналғандар, айналайындар, көтерілейік, инженер болайық! Менің айтып тұрғаным-оппозиционер болыңдар дегенім емес! Инженер болыңдар деп үгіттеймін!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!