{metadescription}
0:000:00
Қазақ боксшылары  қоржынымызға 5 олимпиада  жолдамасын салды!

Қазақ боксшылары қоржынымызға 5 олимпиада жолдамасын салды!

Баку төрінде қазақ боксшылары өрлеп тұр. Ширек сында өнер салған алты жерлесіміздің төртеуін  әлем чемпионатының жартылай финалынан көретін боламыз.

Сондай-ақ  Лондон олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алдық. Ширек сында бразилиялық боксшыға есе жіберген  75 келідегі үмітіміз Данабек Сужанов  олимпиада жолдамасын місе тұтса,  91 келіде бақ сынаған Василий Левит лицензия мәселесін кейінге қалдырды. Қостанайлық шебер ширек сында қытайлық боксшыдан мүлт кетті. Есесіне осы күні  жеңіске жеткен   Ғани Жайлауов,  Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычко кем дегенде әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол салып қойды.     

Бүгін Алматыда бокстан  Қазақтың спорт және туризм академиясының ашық біріншілігі басталды.   Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына  арналған   жарысқа оннан астам жоғары оқу-орындарынан жүзге таяу үміткерлер қатысуда.

Олардың арасында  ел  біріншілгінің жүлдегері Мардан Берікпаев,  Қазақстан Универсиадасында көзге түскен студенттер Нұрсұлтан Салықов  пен Ерасыл Сейфолданов секілді тәжірибелі боксшылар бар. Биылғы жарыстың ортасынан  Мьянма елінен келген боксшыларды да байқап қалдық.

Қазақтың туризм және спорт академиясының ашық біріншілігі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл турнирдің Алматы жоғары оқу орындарының студенттері үшін маңызы зор.  Турасын айтқанда жас студент боксшылар үшін таптырмайтын жарыс. Мысалы, биыл Мьянма елінен сегіз боксшы қатысуда.  Мұның өзі жарыс көркін аша түсері анық.

Мьянмадан келген  боксшылардың алды  Алматы шаршы алаңында алғашқы жеңістеріне қол жеткізіп үлгерді. 49 келіге дейігі салмақ дәржесінде  Вей Пье То  алматылық студент Камалдин Жамаловты ұтса, тағы бір қонағымыз ТэоаАуна  Қазақтың туризм және спорт академиясының бірінші курс студенті Айбек Әбілдадан алда болды. Алда  алматылық студенттерді  Шымкент  пен Ақтауда өтетін халықаралық жарыстар күтіп тұр.

Футболдан  2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сыны аясында еліміздің бас командасы ертең Брюссельде Бельгия құрамасымен жасыл алаңға шықпақ. Ал Слободан Крчмаревич баптайтын еліміздің жастар құрамасы ертең  сырт алаңда Франциямен  күш сынасады.

2013-жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сыны аясында үш матч өткізген жастарымыз екі ойынды тең нәтижемен аяқтады.  Соңғы кездесуде Словакияға 0:1 есебімен есе жіберген команда құрамы  бұл жолы  кішігірім  өзгеріске ұшырапты.   Франциядағы кездесуге жарақатына байланысты жартылай қорғаушы Саят Сариев пен шабуылшы Сергей Лисенковтың  араласуы екі талай. Футболшылардың орнын толтыру мақсатында 45жастағы  серб маманы команда қосына жаңа ойыншылар тартыпты. Олар шымкенттік “Ордабасы” клубының жартылай қорғаушысы Абылайхан Махамбетов және “Астананың” қорғаушысы Дамир Даутов.   

Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан Республикасының 3-ші Паралимпиадалық ойындарының   алғашқы жеңімпаздары да белгілі болды. 

Жүгіру мен ұзындыққа секіруден өткен сайыста Қызылорда облысының қоржыны 2 алтын медальмен толықты. Алматылық жел аяқтар да тұғырына төріне екі рет көтерілсе,  оңтүстік қазақстандықтардың есбінде әзірге жалғыз алтын.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша  Алматыда 2 алтын 1 күміс , 1 қола десек, Қызылорданың ешісінде  2 алтын және1 кола медаль. Сондай-ақ волейболшылар да ептілігін сынға салуда. Бүгінге дейін оңтүстіктің құрамасы өз тобында екінші келеді. Ертең олар алматылықтармен 4-5 орын үшін таласатын болады. Жеңіл атлетикадан өткен бүгінгі сынақтың жеңімпаздарын ертең білетін боламыз.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде