Екі күн бұрын жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды!
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
06.10.2011
Солтүстік Қазақстан облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды. Күздің қара суығында орманда түнесе де, 5 сынып оқушысының денсаулығына еш зиян келмеген.
Он жасар Стас Васянин өзінен бір жас үлкен ағасымен және көршісінің екі баласымен бірге ауылдың сыртындағы тоғайға ойнауға барған. Бірақ үлкендермен жанжалдасып, ауылға қайтып кеткен екен. Кешке үлкен ұлдарының үйге жалғыз оралғанын көрген ата-анасы алдымен Стасты өз бетімен іздепті. Бұларынан ештеңе шықпаған соң тәртіп сақшыларына хабар берген. Бала үшінші күні ғана ауылдан жеті шақырым жердегі егіс алқабындағы сабан арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды. Жеткіншек бөтен ауылға адасып барып, содан қайтып келе жатыр екен. Ағаш арасына түнеп шыққан бала екі тәулік бойы тоғайда жабайы шиенің жемісін талғажау етіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!