ОҚО: Төлеби ауданы әкімінің орынбасары ірі парамен ұсталды
Автор: Бекжігіт Мәуленов
06.10.2011
Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір ірі шенеунік парамен ұсталды. Бұл жолы қолға түскен Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Жасар Рысбеков.
Ол жылыжай мен жеміс-жидек сақтайтын орын салуға екі гектар жер сұрап келген азаматтан екі мың АҚШ долларын алған. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда шаруашылық мақсаттағы жер бірнеше жылдан бері тек жергілікті мәслихаттың шешімінен соң аукцион арқылы сатылатын болған. Тікелей өз құзыретіне кірмейтін мәселені шешуді жөн көрген шенеунік тіпті аудандық мәслихаттың өтіп кеткен сессиясының құжаттарын өзгертуге талпыныпты.
Тәжіхан Жақсыбаев, ОҚО бойынша ЭҚСЖД бастығының орынбасары:
-Қыркүйек айында сессия өткен. Оның шешімі шығарылған, онда аталған жерді аукционға қойдыру туралы мәліметтер енгізіп, аукционға қойып, учаскелерді, ары қарай арызданушыға «көмектесемін»деп ақшасын алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!