Цистерна аударылып, қайнап тұрған 16 тонна смола үй ауласын басып қалды
Автор: Ербол Сейілхан
06.10.2011
Қарағандыда битум тиелген цистерна аударылып, қайнап тұрған сұйықтық тұрғын үй аулаларын басып қалды.
16 тонна сұйық смола құрылыс алаңына әкетіліп бара жатқан. Бірақ діттеген жеріне жетпей, тура көше бойында ақтарылды. Сақылдап қайнап тұрған қоймалжың зат әп-сәтте 40 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Бірақ битум аулаға ғана емес, бау-бақша егілген алқапқа дейін таралып, жертөлені де бүлдірген. Үйлеріне ала жаздай жөндеу жұмыстарын жүргізген тұрғындар енді жүк көлігінің иесінен өтемақы талап етіп отыр. Оны төлемеген жағдайда сотқа жүгінбек.
Татьяна Симонова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Кәріз құдығына дейін бітеліп қалды. Қайнап тұрған битум төгілгенде қашып үлгермей, көршімнің иті күйіп өлді. Әйтеуір адамдар аман. Келтірілген шығынды өндіріп алмайынша, жанымыз жай таппайтын шығар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!