«Аpple» компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс өмірден озды
Автор: Дастан Шымырбай
06.10.2011
Әйгілі «Аpple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс өмірден озды. АҚШ-та ғана емес, әлдемдегі ең беделді кәсіпкер атанған ол соңғы бірнеше жылдан бері қатерлі ісікпен сырқаттанып жүрген болатын.
Стив Джобс әріптестерімен бірге ең ірі «Аpple» компаниясының негізін 1976 жылы қалады. Алғашқылардың бірі болып әлемді компьютермен таныстырған да солар. Әйгілі «iMac»», iPod», «iPhone»- Джобстың еңбектері. Күні бүгінге дейін ол аталмыш сала бойынша 230-дан астам жаңалық ашыпты. Джобс өзінің әрбір жасаған өнімін жұрт алдында арнайы шоу өткізіп таныстыратын. Дегенмен кейінгі жылдары көп ауырды. Тіпті бүйрегін де ауыстырды. Ал биыл қаңтарда денсаулығына байланысты компанияның басқарушы директоры қызметін де босатқан-ды. Джобс негізін қалаған «Аpple» компаниясы әлемдегі ең бай қаржы ұйымдарының бірі саналады. Бүгінде компанияның 300 млрд. доллардан астам капиталы бар. Сондай-ақ, Стив Джобс әйгілі «Wold Disney» компаниясының да ең ірі акционері болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!