Ғани Қасымов: Ұлттық банктің төрағасын ауыстыру керек!
Автор: Ғабит Ұзақбай
06.10.2011
Ұлттық банктің төрағасын ауыстыру керек! Григорий Марченконы Сенатқа келтіре алмаған депутат Ғани Қасымов бүгін ақыры ашуға ерік берді.
Жоғарғы палата «Республикалық бюджет туралы» Заңды қараған болатын. Құжатты талқылауға Ұлттық банктің атынан төраға емес, тағы оның орынбасары Бисенғали Тәжияқов келді. Ал елдің бүкіл қазынасы мен қаржысын сарапқа салып, сүзгіден өткізу кезінде сенаторлар төрағаның өзімен сөйлескілері келгені анық. Бірақ соңғы бірнеше жылдан бері Григорий Марченко депутаттар алдында төбе көрсетер емес. Оны үзбей іздеп отыратын сенатор Ғани Қасымовтың шыдамы да таусылған сияқты. «Бүйте берсе, Марченконың орнына Тәжияқов төраға болсын!» - деп салды.
Ғани Қасымов, Сенат депутаты:
- Мен, міне, сенатор болғаныма төрт жыл болды. Бірақ осы уақытқа дейін Ұлттық банк төрағасын көрген емеспін, тек қана Тәжияқов келеді. Бұлай бола беретін болса, Марченконың орынана Ұлттық банк төрағасы болып Тәжияқов отырсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!