{metadescription}
0:000:00
ШҚО Мемлекеттік техникалық университетінде қанды оқиға болды

ШҚО Мемлекеттік техникалық университетінде қанды оқиға болды

Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік техникалық университетінде қанды оқиға болды. 3-ші курстың студенті өзінен бір курс төмен оқитын шәкіртті дәл сабақ үстінде пышақтап кеткен. Ауыр жараланған жігіт бірден  жан сақтау бөліміне жеткізілген. Қазір есін жиған азамат оқиғаның қалай болғанын   «өзім де түсінбей қалдым» дейді.

Зардап шегуші:

-Ойдағыдай болған бәрі, түсінбеушілік болып кетті....жатайыншы одан да,барып...

Айтуынша, оқиға қас-қағым сәтте болған. Бастапқыда мұғалімнен рұқсат сұраған күдікті онысынан түк шықпаған соң, аудиторияға баса көктеп кіріп, дәрісте отырған студентті бір емес, бірнеше жерден пышақтап,  қашып кеткен. Оқыс оқиғадан әрең дегенде ес жиған мұғалім жедел жәрдем шақыртқанша, кеудесі мен мойын тұсынан жарақат алған студент біраз қан жоғалтыпты. Курстастары  екі жігіттің арасында баяғыдан бері келіспеушіліктің бар екендігін байқағанын айтады.  Университет басшылығы болса мән-жайды түсіндіруден үзілді-кесілді бас тартты. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің аты-жөнін анықтағанымен, оның қайда екенін әлі таба алмай жүр.

Гүлназ Османова, Өскемен қаласы ІІБ баспасөз хатшысы:

- Оқиға орнынан дене жарақатын салған азамат қашып кеткен. Куәгерлер    тергеу амалдарын жүргізіп жатқанда, әлі өз көрсеткіштерін айтып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде