{metadescription}
0:000:00
“Жетісуға” төтеп беретін команда  табылмады

“Жетісуға” төтеп беретін команда табылмады

Бүгін волейболдан  әйелдер командалары арасында Қазақстан  кубогы жолындағы жарыстың ширек финалдық кезеңі мәресіне жетті.  Павлодарда өткен турнирде  еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Жетісуғатөтеп беретін команда  табылмадыАлты кездесудің бәрінде жеңіске жеткен Алматы облысының  волейболшылары әзірге топ бастады.

Ел кубогы үшін жарыстың ширек финалында алғашқы іріктеуден іркілмей шыққан үздік  төрттікпен  Ұлттық лиганың төрт клубы өнер көрсетті. Бірінші турда3:0 есебімен  Оралдың“ГрацияKZ” клубынайқынұтқан “Жетісу” үшін  келесі күні  жергілікті“Ертіс-Қазхроммен” өткенматчоңтигенжоқ. Дегенмен бес партияға жалғасқан тарысты бәсеке3:2 есебімен жетісулық  клубтың жеңісімен аяқталды.  Қалға нкездесулерде   еліміздің белді клубына  жарытып қарсылық көрсеткен команда көрмедік. “Жетісу” мен“Алматы” арасындағы алтыншы турдың матчы.  Осыойындағы бірінші сетті 22:25 есебімен   өзпайдасына шешкен  алматылық волейболшылардың қуанышы көпке созылған жоқ. Біртіндеп ойын барысын қолға алған   “Жетісу” одан әрі “Алматының” адымын аштырмай тастады. Есеп- 3:1.  Ширек финалдың  соңғы турында“Жетісу”   Өскеменнің  “Шығыс-СвинецСтрой”  клубына дес бермеді.   Тек бір бәсекеде онда да лидерге жол берген“Қарағанды” клубы әзірге екінші орына жайғасса,   “Грация- KZ”  пен   Павлодардағы  ширек сында еншісіне   ұпай жазбаған  “Шығыс-СвинецСтрой”  клубы  көш соңын алып келеді.

Бүгін еліміздің бас командасы 2012  жылғы еуродода аясында Австрия құрамасына қарсы соңғы кездесуін өткізеді. Бір жыл бұрын Зальцбургте өткен алғашқы кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталған.

Еуропа чемпионатының жолдамасына қызу талас  «F»  тобында болмақ. Турнир кестесінде көш бастап келген Хорватия соңғы кездесуде Грекиядан 2:0 есебімен жеңілгені белгілі. Бүгін гректер Грузиямен күш сынасса, Хорватия өз алаңында Латвияны қабылдайды. Осы кездесу нәтижесі бойынша 2012-жылғы футбол мерекесіне қатысатын құраманың есімі белгілі болады. Сондай-ақ  «Н»  тобында бірдей ұпай жинаған  Португалия мен Дания соңғы турда өзара кім мықтыны анықтайды. Биылғы іріктеу сынында тарихында болмаған табысқа Эстония құрамасы жетуі мүмкін. Әзірге Еуропа чемпионатына жолдама алған 5 команда белгілі,  олар: Италия, Германия, Голландия, Англия және Испания.  

Мексиканың Хуатулко қаласында үшсайыстан әлем кубогы үшін жарыстың жетінші кезеңі өтті.  Алдымен  ашық суда жүзуден   1500 метрлік қашықтықты бағындырған  үшсайысшыларды    одан соң 40 шақырымдық  веложарыс күтіп тұрды.

Әдеттегідей спорттың үш түрін меңгерген шеберлер  жарыс жолын  10 шақырымдық  қашықтыққа жүгірумен аяқтады. Жоғары да аталған сынақтардың бәрінен мүдірмей өткен испаниялық үшсайысшы Хавьер Гомес мәре сызығын бірінші кесті. Ол жарыс жолын 1сағат 49 минут 08 секундта еңсерсе, оған 30 секунд ұтылған швейцариялық руди Вильд екінші орынды місе  тұтты. Жетінші кезеңнің қола жүлдесіне америкалық Мэтт Шработа лайық болып шықты. Әйелдер додасында  ең үздік нәтиже көрсеткен жапониялық Ай Уеда топ жарса, швейцариялық Никола Спириг екінші, ал голландиялық Рейчел Кламер үшінші орынды иеленді.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде