{metadescription}
0:000:00
Астанада нанның ішінен тышқанның  құйрығына ұқсас зат табылды

Астанада нанның ішінен тышқанның құйрығына ұқсас зат табылды

Нан ішінен шыққан тышқанның құйрығы! Астаналық тұрғынның дүкеннен сатып алған нанынан тышқанның құйрығына ұқсас зат табылған. Айжан Баймолдинова есімді азаматшаның өзі нан ішіндегі белгісіз заттың тышқан құйрығы екендігіне сенімді. Қазір ол тиісті орындарға шағымданып, қарапайым тазалық ережесіне кім атүсті қарағанын  анықтауға кірісті.

 Айжан   әдеттегідей кешкі асқа дүкеннен нан сатып алады.  Дастарқан басындағылар сол нанның ішінен белгісіз бір затты аңғарған. Мән беріп қарағандар оның тышқанның  құйрығы екендігіне күмән келтірмейді. 

Айжан Баймолдинова, Астана қаласының тұрғыны:

- Кендір жіп деп айтуға болмайды,  өйткені ол сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсас. Әрі қарай мен қазған жоқпын, міне, осылай нанды әкеліп тұрмын, СЭСқа.

- Бұған, әрине, нанды сатқан дүкеннің еш қатысы жоқ. Бар кінә нан әзірлеуші наубайханада - дейді   ашынған тұрғын. - Өйткені бұған дейін де дәл осындай жағдай болмаса да, нан арасынан ұсақ-түйек заттар табылып жататын, - дейді.

Айжан Баймолдинова, Астана қаласының тұрғыны:

- Көзім дұрыс көрмейді,  алып тастаймын  да, жей берем, ал мынаны жас бала тұрған, сол байқап айтты.  

Қалалық санитарлық қадағалау мамандары дәл қазір тікелей тексеріс жұмыстарын жүргізуге  «мүмкіндігіміз жоқ»  деп отыр. Өйткені  Жеке кәсіпкерлікті қорғау   заңы бойынша қазір тексеріс жүргізу үшін әуелі шағым түсу керек, одан кейін прокуратураның рұқсатын алулары қажет. Оның өзі бір-екі күндік жұмыс көрінеді. Егер заң бұзушылық анықталса, онда тиісті шара қолданылады.

Сандуғаш Баянова, ҚР ДСМ СЭҚК Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы:

- Иә, шара қолданамыз, айыппұл салынады, сондай жаман, лас болса, біздің рұқсат қағазымыз болмаса, оны жабамыз, сот арқылы.

Жеке кәсіпкерлікке қатысты қазіргі заң бойынша тағам өнімдерін дайындаушылар жылына бір рет қана тексеруден өтеді екен. Қарапайым тазалық ережелерінің сақталмауы да, мүмкін, содан болар. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз осындайда айтылған болу керек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде