Теміртауда пәтердің төбесі опырылып ортасына түсті
Автор: Ербол Сейілхан
11.10.2011
Теміртауда тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген жылу маусымына дайындық жұмыстары қайғылы аяқтала жаздады. Пәтер иелері кооперативінің төрағасы шатырдағы құбырлардың ауа қысымын тексеріп жүргенде пәтерлердің бірінің төбесі опырылып, ортасына түскен. Абырой болғанда, құлаған үйінді астында адам қалып қойған жоқ.
Айгүл Өтебаева, пәтер иесі:
- Құбырдан ауаны шығармақшы болған. Соны ашамын деген кезде құлап түскен, бірге. Менің шамам жоқ, мынаның бәрін істеуге. Көріп отырсыз ғой,ар жағы әлі түсіп жатыр. Мына бөлмеге кірмейміз, қорқамыз.
Аяқ астынан опырылған төбенің орны қазір үңірейіп тұр. Аумағы да әжептәуір. Ал оқыс оқиға түс кезінде орын алған. Сол сәтте ұйықтап жатқан 2 жасөспірім қыз сатыр-сұтыр дауыстан шошып оянып, дереу балконға қарай қашыпты. Бұл салынғанына алпыс жылға тақап, тозығы жеткен үйде тіркеліп отырған алғашқы апатты жағдай емес. Қарапайым халық жергілікті әкімдіктен де қайыр жоқ деп отыр. Ал пәтерінің төбесі опырылып түскен жалғызбасты келіншекке оны өз күшімен жөндеп алудан басқа амал жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!