Ақтаудағы мұнай құю станциясында жарылыс болып, 8 адам қаза тапты
Автор: Оразәлі Баймұрат
11.10.2011
Ақтауда төтенше оқиға орын алды. “ҚазТрансОйл” АҚ-на қарасты мұнай құю станциясында жарылыс болып, соның салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы біреуі ауыр жараланған.
Оқиға күндізгі сағат 3-тер шамасында қала шетіндегі Өмірзақ елдімекенінде болған. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, ол кезде “ЖайықСтройЛюкс” компаниясының жұмысшылары мұнай сақтайтын орынды тазартып жатқан екен. Ал куәгерлер сол қойма жақтан жарылыс даусы естіліп, артынан алапат өрт басталды дейді. Бес адам тірідей жанып кетті. Күйік шалған алтыншысын да дәрігерлер құтқарып қала алмады. Ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!