{metadescription}
0:000:00
Дағдарысты еңсере білген әкелердің  байқауы өтпек

Дағдарысты еңсере білген әкелердің байқауы өтпек

Әкені ұлықтау қажет! Осы мақсатта жалғызбасты, көпбалалы, мүгедек немесе мүгедек бала өсіріп отырған, жалпы әке атаулыға арналған алғашқы республикалық байқау өтеді. Ең бастысықатысушылар  өмірлік дағдарысты еңсерген, қатал тағдырына мойымай,  ұрпағына өнегелі тәрбие беріп отырған әке болуы тиіс.

Серік Қалдыбаев,ұйымдастырушы:

- Әкелер жұмыссыз қап, ішіп кетіп, өзін-өзі өлтіреді немесе тонауға барады. Ондайға бармай,отбасын бағып, асырап, өзінен күш тауып,  дағдарыстан  шыққан әкелер қатысады. 

Байқау ер-азаматтарға бастарынан өткерген қиыншылықтары жайында ашық айтуды үйретуге бағытталған. “Мұңын шағу ер жігітке жат нәрсе” дейтін қоғамда, іштен тынған азаматтарымыз ішкілікке салынып, тіпті, өз-өзіне қол салуға дейін барып жататыны жасырын емес. Сондықтан бұл бастама қиын-қыстау кезді бастарынан кешіп отырған азаматтарға, соған төзе біліп, асқар тау - Әке боп қалуды үйретпек. Үміткерлер еліміздегі ерлерге арналған  жалғыз дағдарыс орталығы - “Ер Азаматқа” мінездеме, отбасылық сурет, бейнебаяндарын өткізулері керек. Және ең басты шарттың айғағы ретінде –денсаулығының, отбасылық немесе қаржылық жағдайының қиын болғандығы жайында әлеуметтік бөлімнен анықтама алуы қажет. Байқау Алматыда 29  қазанда  өтеді. Қатысушыларға жас шектеуі қойылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде