{metadescription}
0:000:00
Көліктің ішінде жасалған операция!

Көліктің ішінде жасалған операция!

Көліктің ішінде жасалған операция....

“Асар-Береке” Қоғамдық қорының жылжымалы емханасы Таразға табан тіреді. Алыстағы ауыл жұртына тегін медициналық көмек көрсетуді мақсат тұтатын керуен 16 қазанға дейін Жамбыл облысына қарасты ауылдардың барлығын аралап шықпақ.  Көшпелі медициналық керуен   осыдан  үш жыл бұрын Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған шаралардың бірі. Осы уақыттан бері ол алыстағы 50 мыңнан астам ауылға барып, 300-ге жуық жас мамандар әзірлеп үлгерген.

Жылжымалы емхана бұл жолғы жұмысын эндоскопиялық әдіспен көлік ішінде операция жасаудан бастады. Мақсат – кереуеннің кез келген жағдайда көмек көрсете алатынын дәлелдеу. Дәрігерлері де тек жоғары білікті мамандардан жасақталған. Тіпті Түркиядан дәрігер келді.  

Виджет Оз, Стамбұл медициналық университетінің лекторы, профессор:

- Менің келудегі мақсатым – Қазақстан-Ресей медициналық университетімен байланыс орнату, ғылыми тәжірибе алмасу, маман мен студет алмасу.

Төрт дөңгелекті медицина кешені қызмет көрсетіп келе жатқан  үш  жыл ішінде жалпы саны 50 мыңға жуық ауылды аралап шығыпты. Мәселен, Қызылағаш пен батыстағы су тасқындарынан кейін. Сол аймақтарға өзгелерден бірінші болып көмек қолын созған да осылар. Сондықтан да болар, жылжымалы емхананың қызметіне ең бірінші шалғайдағы ел разы.   

Роза Әлімбетова, емделуші:

- Соңғы уақытта асқазаным ауырып, ас батпайтын. Содан арнайы тексеру аппаратынан өтіп көріп едім, асқазан ауруының алғашқы қабылуына шалдығыппын. Бірақ дер кезіндекеруен көмегін алып, жақсы болып қалдым.

Жылжымалы медициналық емхана жамбылдықтарға 16 қазанға дейін қызмет көрсетеді. Одан кейінгі жол Алматыға түсіп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.