{metadescription}
0:000:00
Павлодарда қазынашылық департаментінің қызметкерлері сотталды

Павлодарда қазынашылық департаментінің қызметкерлері сотталды

Павлодарда 300 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған жергілікті қазынашылық департаментінің бұрынғы бастығы Роза Нұрғалиеваға және  аталмыш  мекеменің тағы үш қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

Төрт айға созылған сот отырысы барысында  төрт азаматшаның талай былықтарға қатысы бар екені дәлелденді. Мысалы, мекеменің бас есепшісі ұзақ жылдар бойы департаментке қатысы жоқ 100-ден аса туысының есеп шотына ақша аударып келген. 56 томдық тергеу материалдарында көрсетілгендей, айыпталушылар еңбекақы, зейнетақы және салық қаржысын үнемдеу арқылы табысқа кенеліпті. Сот отырысы барысында судья    қитұрқы  әрекетке бұрынғы басшылардың да қатысы бар деп, тиісті мекемелерге оларды да тексеруді тапсырды. Екі күн бойы оқылған үкімге сәйкес, Роза Нұрғалиева – 7, орынбасары Раушан Амандулаева мен бас есепші Мәруә Мусина – 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кадр бөлімінің бастығы Гауһар Тоқтарова шартты түрде бес жылға сотталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.