{metadescription}
0:000:00
ШҚО, 156/6:  жазасын өтеп жатқан төрт сотталушының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды

ШҚО, 156/6: жазасын өтеп жатқан төрт сотталушының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысы  Шемонайха ауданындағы 156/6 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт сотталушының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды. Оларға жалған ақпарат таратып, абақты қызметкерлерінің беделін түсірмек болған деген айып тағылып отыр.

Қыркүйектің соңында аталмыш абақтыдағы бірнеше жазасын өтеуші «түрме басшылығы бізді ұрып-соғып, намысымызға тиетін әрекеттер жасап жатыр» деп жақын туыстарына хабарлаған. Хабарлап қана қоймай, денелеріне түскен жарақатты ұялы телефонға түсіріп, ата-аналарына жіберген еді. Сотталғандардың айтуынша, түрмедегі жағдай соңғы кезде мүлдем қиындап кеткен. Ондағы басшылар ойларына келгендерін істеп, тіпті, түрме ауласында жалаңаш жүруге дейін мәжбүрлепті. Ал қылмыстық атқару жүйесі мамандары мұның барлығын жоққа шығарды. Бәрі түрме ішіндегі қатаң тәртіпті жеңілдету үшін қасақана жасалған іс көрінеді. «Дене жарақаттарын да бір-біріне өздері салған» -дейді комитет өкілі. Мұны  кейін арнайы жүргізілген сот сараптамасы дәлелдеп берген.  

Самал Ғадылбекова, ҚР Қылмыстық атқару жүйесі  комитетінің ресми өкілі:

- Аталған сотталғандар ауыр қылмыс жасағандары үшін жазасын өтеп отыр. Және бұл сотталғандардың әрекеті, негізгі мақсаты - мекеме қызметкерлеріне қатысты көпшіліктің ойын өзгерту, лақап, жалғанмен оларға қандай да бір кінә тағу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.