«Алтынтау-Көкшетаудағы» бірнеше тонна кеннің астында қалған жігіт қайтыс болды
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.10.2011
«Алтынтау-Көкшетау» кен байыту комбинатында осыдан бірер күн бұрын кеннің астында қалып, ауыр жарақат алған жұмысшы қайтыс болды.
25 жастағы Жанболат Берікбол аурухананың жан сақтау бөліміне түскенде Астанадан білікті дәрігерлер шақырылған еді. Бірақ олар да жігітті ажалдан арашалап қала алмады. Қайғылы оқиғаны көзімен көрген жұмысшылардың айтуынша, Жанболат бірнеше тонна кеннің астында жарты сағат жатқан. Олар: “Қауіпті біле тұрып, оны жұмыс істеуге мәжбүр етті” деп, комбинаттың бөлім бастығы Әбілхан Пірімжановты кінәлап, қызметінен қуылуын талап еткен болатын. Кәсіпорын басшылығы осы талапты орындады. Ал прокуратура қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары