{metadescription}
0:000:00
Екі цистерна мазут майы төгіліп,  400 шаршы метрге  дейін жайылды

Екі цистерна мазут майы төгіліп, 400 шаршы метрге дейін жайылды

Ақтөбе іргесіндегі Кірпішті ауылында мекеме ауласындағы екі цистерна мазут төгіліп, сол маңдағы үйлерге дейін жайылған. Алғашқыда тұрғындар бөшкелердің бұрандасын өздері бекітпек болыпты. Бірақ әрекеттерінен түк шықпаған соң, төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметкерлері келіп жеткенше мазут төрт жүз шаршы метр жерге жайылып үлгірген. Қазір бұл маңай қоршауға алынып, ластанған жер тазартылып жатыр. Төгілген мазут мекемемен көрші орналасқан үйлердің ауласы мен қорасына дейін жеткен. Тұрғындар  от тисе, күліміз көкке ұшады   деп үрейленіп отыр. Ал мазут құйылған ыдыстың шүмегін кімнің ашып жібергендігі әзірге белгісіз. Оны ішкі істер қызметкерлері анықтайтын болады. Жұртты әбігерге салған цистерна "Запказвзрывпром" мекемесіне тиесілі дейді тұрғындар. Бірақ кәсіпорынның басшылығы мұны   жоққа шығарып отыр.    

Венера Тапаева, "Запказвзрывпром" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры:

-  Бұл  бөшкелер жеке тұлғаға сатылып кеткен. 2003 жылдан бері біздің балансымызда жоқ. Мұрағатты ақтарып, кімге сатылғанын  анықтаймыз. Біздің мекеменің аумағында тұрса, ол бізге тиесілі деген сөз емес қой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде