{metadescription}
0:000:00
“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы бақылау комиссиясының төрағасын атып кетті

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы бақылау комиссиясының төрағасын атып кетті

Бүгін Өскеменде “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Валерий Проскуряковты атып кетті. Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, оны қызметтік көлігінен түскелі жатқан жерде басынан атып өлтірген.  Аталмыш   оқиға бойынша қазір тергеу амалдары басталды. Алайда күдіктінің кім екені туралы тіпті алдын ала болжамдар да айтылмай жатыр. Әріптестерінің айтуынша, марқұм  жақында еңбек демалысына шығуға дайындалып жүрген екен.

Қабанбай батыр көшесіндегі 93-ші үйдің алдына тәртіп сақшылары таңғы сағат 8 жарым кезінде жетіпті. Түскен ақпарат бойынша, ақ “Волганың” ішінен шығып келе жатқан Валерий Проскуряковты белгісіз ер адам тура қасына келіп атқан. Ол алған жарақаттан тіл тартпай кетті. Қанды оқиғаны тек көлік жүргізушісі мен бірді-екілі тұрғын ғана байқаған.

Дулат Нұрсолтанов,  ШҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Қылмыс  ашылады депдеп ойлаймын. Атқан адамның фотороботы жасалып жатыр және көрген  адамдар бар, солардың арқасында табылады.

Бес қабатты үйдің тұрғындары марқұмды мүлдем танымайтын болып шықты. Олар тек таңдағы қатты айғай-шудан ғана бір сұмдықтың болғанын білген.

Зинаида Мұхамедова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Жап-жас жігіт “Әке, кім өлтірді сені, не үшін өлтірді?” деп жылап жүрді. Ұлы болар деп ойладым. Мен тек сол айғайды естідім. Оны тәртіп сақшылары әкесіне жібермей алып кетті.

 Әріптестерінің айтуынша, марқұм бұл үйге тек досымен кездесу үшін соққан. Қатонқарағай ауданының тумасы, 64 жастағы Валерий Проскуряков бүкіл ғұмырын өңірдің саяси жұмыстарына арнаған екен. Ал билік партиясында істеп жүргеніне   бес жыл болыпты. Көз көргендер:«Марқұмға тіс қайрайтындай ешкім жоқ, өйткені ол тек партия мүшелерінің тәртібін ғана қадағалап, бар болғаны ескерту жасағаннан әріге барған емес» - дейді. Сондықтан қызметтестері Валерий Проскуряковқа оқ қателесіп тиюі мүмкін деген ойда.

Талап Қасымов, «Нұр Отан» ХДП ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы:

- Қызметімен байланысты деп ойламаймын. Жаулары жоқ адам, жұбайымен сөйлестік жаңа. Ол  айтады:« Бізде үлкен акша да жоқ, бизнес те істеген жоқпыз. Өмір бойы мемлекеттік  партияда істеген,  түк түсінер емеспін».

Марқұмның артында жұбайы мен екі ұлы қалды. Полиция өкілдері қанды оқиға бойынша бірнеше болжам бар дегенмен, оларды жариялаудан бас тартты. Бізге жеткен бейресми ақпараттар бойынша, Валерий Проскуряковтың көлік жүргізушісі оқ атқан күдіктінің артынан қуып, оны өз бетінше  ұстамақ болған. Алайда қашып бара жатқан қылмыскер оны да тапаншамен көздеген. Жүргізуші құдай сақтап, аман қалды.

Полиция қызметкерлері оқиғаны өз көзімен көрген марқұм Валерий Проскуряковтың көлік жүргізішісі берген ақпараттар бойынша күдіктінің беткелбетін  салып, оған  «іздеу жариялаймыз»дейді. Әзірге қаладағы барлық автокөліктер жіті тексеріліп,бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары осыдан басқа ешқандай ақпарат таратпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.