{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда екі бірдей облыстық департаментке қатысты сот ісі басталды

Көкшетауда екі бірдей облыстық департаментке қатысты сот ісі басталды

Көкшетау қалалық сотында екі бірдей облыстық департаментке қатысты сот ісі басталды. Шағымданушылар –Ақмола облыстық Әділет департаментінің бұрынғы қызметкерлері. Олар өздерінің жұмыссыз қалғанына Ішкі істер және Әділет департаменттерін кінәлап отыр. Себебі:  азаматтарды құжаттандыру мен тіркеу функциясы Әділеттен Ішкі істер департаментіне өткенде ондағы 42 қызметкер де сол жаққа ауысулары тиіс болатын. Бірақ олардың 18-і ғана жұмысқа қабылданыпты. Ал қызметсіз қалғандары сотқа шағып түсірген. 

Талай жыл Әділет органдарында қызмет істеген Сандуғаш Алшынбаева ауыс-түйістен кейін жұмыссыз қаламын депойламаған. Үш ай бұрын азаматтарды құжаттандыру мен тіркеу функциясы Әділет министрлігінен Ішкі істер органдарына берілісімен, онда істейтін 42 адам да сол жаққа ауысулары тиіс болатын. Бірақ,  аяғында не анда, не мұнда жоқ бұл азаматтар екі мекеменің есігін қағып қалған. 

Сандуғаш Алшынбаева, Ақмола облыстық әділет департаментінің бұрынғы қызметкері:

- Біз  жұмыстан шығарылған да жоқ, қысқартылған да жоқпыз. Сондықтан басқа жерге бізді жұмысқа да алмайды, тіпті, жұмыссыз есебінде тіркеле де алмай жүрміз. 

Роза Әбішева, Көкшетау қалалық әділет басқармасының бұрынғы қызметкері:

- Бұл жерде екі мекеменің дұрыс бір шешім жасағамағанына таң қалам. Үкімет қаулысы сонда орындалмай отыр ғой. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, екі ортада біз далада қалдық.

Ақыры Әділеттен де, Ішкі істер басқармасынан да өндіріп жауап ала алмаған қызметкерлер сотқа арыздануға мәжбүр болған. Бүгін осы шағым бойынша алғашқы отырыс өтті. Мемлекеттік мекемелердің екеуі де  «заң шеңберінен шықпадық»деп отыр. 

Ләззәт Вазирова, Ақмола облыстық әділет департаметінің кадр бөлімінің бастығы:

- Өзіміздің  министрлікке хабарласқанымызда Ішкі істер  министрлігімен келісілгенін айтты. Сондықтан біз қызметкерлерімізді құжаттарымен Ішкі істер департаментіне бере салдық.

Гүлнәр  Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 18 адам құжаттандыру бойынша жұмысқа қабылданды. Ал 24-і ішкі істер органдарының талаптарына сай келмеді. Сондықтан бас тарттық.    

Шағымданушылар: «Полициядан  қызмет бер  деп сұраған біз жоқ» - дейді. Олар тек жаңа жүйеде осындай шикіліктің кеткеніне ыза. Ал істің ақ-қарасын енді сот анықтайтын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде