Үш джипті тақымдаған табиғат қаскөйлері «Қызыл кітапқа» енген маралдарды атқан
Автор: Дастан Шымырбай
18.10.2011
Алматы облысында мұздай қаруланған топ заңсыз саятшылық құрып жүрген жерінде құрықталды. 3 джипті «тақымдаған» табиғат қаскөйлері «Қызыл кітапқа» енген маралдарды атқан.
Тінту кезінде олардан 11 аңшы мылтығы мен 100 келіден астам аң еті табылды. «Toyota Tundra»және «Toyota Land Cruiser» көліктерінде 10 жігіт отырған. Барлығы Алматы тұрғындары. Полицияның хабарлауынша, олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Киіксай қорығында аңшылықпен айналысқан. Заңсыз саятшылардан қарудан басқа, марал мен жабайы доңыз еті тәркіленді. Қазір бұл ет арнайы сараптамаға жіберіліп, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!