{metadescription}
“Барыс”  Петербордың “СКА” командасына есесін жіберіп алды
“Барыс”  Петербордың “СКА” командасына есесін жіберіп алды

“Барыс” Петербордың “СКА” командасына есесін жіберіп алды

Хоккейден континенталдық лигада сынға түсіп жатқан Астананың  “Барысы” сырт алаңда Петербордың “СКА” командасына есе жіберді.

Ойынның негізгі уақыты жеңімпазды анықтай алмады. Ал буллит сериясына келгенде мергендік танытқан айдын иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті.  

Бүгін Алматыда футболдан жастар арасында Еуропа чемпионатына іріктеу турниры басталды.  Еліміздің құрамасы Чехия, Ирландия және Лихтенштейн командаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Әр топтан үздік шыққан екі құрама кіл мықтылар сынға түсетін элиталық раундқа өтеді. Мәртебелі кезеңде топ жарған 7 құрама Словенияда өтетін  Еуропа чемпионатында бағын сынайды. Осы турнир барысында Ирландия мен Лихтенштейн орталық стадионда алғашқы үш ұпайды сарапқа салды.

Кеше түнде чемпиондар лигасының кезекті тур ойындары өтті. «А»  тобындағы орталық матч “Манчестер Сити” мен “Вильярреал” арасында өрбіді.

Тартысты өткен кездесуде есепті испандық клуб ашты. Алайда үзіліске дейін “Манчестер Сити” таразы басын теңестіріп, ойын соңынан белгіленген қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті. Сондай-ақ осы топта өнер көрсетіп жатқан мюнхендік “Бавария” сырт алаңда “Наполимен” ұпай бөлісті. Небәрі 2-минутта есеп ашқан немістер бірінші таймның соңына дейін өз қақпасына авто гол соғып алды.  7тамыздан бері қақпасына бір де бір доп жібермеген Мануэль Нойердың қамалын ақыры өз командалысы Хольгер Бадштубер бұзды. Ал бүгін қалған қалған топтардағы  8 команда өзара мықтыны анықтайды. Мұндағы орталық кездесу “Марсель” мен лондондық “Арсенал” арасында өтеді.        

Үш аптаның ішінде бүкіл Францияжәне  іргелес жатқан  көрші елдерге бас сұға кететін  супервелодода “Тур де Франсты ” жыл сайын асыға күтеміз. Кеше  Парижде  әйгілі велосайыстың  2012 жылғы жарыс жолы кестесімен танысу рәсімі өтті.

Осымен 99- рет өткізілетін дәстүрлі доданың келесі жылға арналған  жол бағытымен  оның директоры Кристиан Прюдомм таныстырды. Кезектегі “Үлкен құрықтың” жалпы ұзындығы 3479 шақырымды құрайды екен. Ең басты ерекшеліктеріне тоқталсақ,  күрделі асулардан тұратын таулы жолдардың  саны арта түскен. Сондай-ақ жеке сынан тұратын  жарыс жолының ұзындығы да бұрынығыдан әлдеқайда өскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қадамвелододаға ерекше көрік беріп, бәсекелестіктің күшейе түсуіне әсер етпек. Ал    “Тур де Франстың” 2012 жылғы премьерасы  30маусым күні Бельгияның Льеж қаласынан басталады. 

Регбиден өтіп жатқан әлем чемпионатында ойналмаған тек бір матч қалды.  23қазан күні өтетін  бәсекеде жиырма елдің  ішінен  ақтық сынға  сүрінбей жеткен  Франция мен Жаңа Зеландия кездеседі.

Француздар аса шиеленісті өткен  жартылай финалда 9:8 есебімен Уэльстен басым түссе, Жаңа Зеландия 20:6 есебімен Австралияны қапы қалдырды. Енді екі мықты Окленд қаласында өтетін  финалдық матчқа дайындалу үстінде.  Қос құрама әлем кубогы үшін жарыстың финалында бұрын да кездескен. Дәлірек айтсақ, 1987 жылы осы Окленд қаласында Францияны ұтқан Жаңа Зеландия әлем кубогының иегері атанды.  Жалпы  француздар   бұған дейін әлемдік доданың ақтық сынында екі мәрте өнер көрсеткен екен.  Бірақ тұғыр төріне щыға алмаған.  “Ер кезегі үшке дейін” демекші,  бұл жолы қалай болар екен? 

  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.