Балалар үйінің кітапханасы құнды шығармалармен толықты
Автор: Жания Ақтөре
19.10.2011
Құнды көркем шығармалармен Алматыдағы Балалар үйінің кітапханасы толықты. Кітаптар Тұңғыш Президент қорының бастамасымен өткен «Бейбіт әлем кітаптары» атты шара аясында тарту етіліп отыр.
«Шараның мақсаты – балалардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу» - дейді ұйымдастырушылар. Көне кітаптармен қатар олардың электронды нұсқалары да табысталды. Енді компьютер тілін меңгерген интернаттың кез-келген тәрбиеленушісі қалаған уақытында қалаған кітабын оқуға мүмкіндік алып отыр. Ал бүгінгі салтанатты шара соңында жас өрендер өнерлерін ортаға салып, өлең-жырдан қара жаяу еместігін байқатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!