Еліміздің алты ғасырлық өткенін түгендейтін “Ұлы көш” кітабы жарыққа шықты
Автор: Нартай Аралбайұлы
19.10.2011
Қазақтың тарих ғылымында тағы да олжа! Еліміздің алты ғасырлық өткенін түгендейтін “Ұлы көш” кітабы жарыққа шықты.
Шығарма авторы, танымал журналист Бигелді Ғабдуллин жазуды бастағанда тарихи құжаттар «тым аз болды»дейді. Ізденуге бірнеше жыл уақыт кеткен. Ал бас-аяғын жинап, бір ізге түсіріп жазуға бір жылын сарп етіпті. Ұлы қазақтың өткенінен бастап, тәуелсіздікке дейінгі соқпағын толық жазған еңбек әзірге орыс тілінде. Таралымы 2000 дана. «Егер сұраныс болса, қазақ, ағылшын тілдерінде басылады» -деп сендірді автор. Шығармашылық иесі бұл еңбегін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр.
Бигелді Ғабдуллин, кітап авторы:
- Бізге,ең бірінші,тарихи шындық керек. Өсіп келе жатқан ұрпаққа, олардың сана-сезіміне, миынатарихи сезімді біз әкелмесек,кім әкеледі?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!