Түркияның өтініші бойынша тек халал тағамдар жөнелтілді
Автор: Әйгерім Асқарқызы
26.10.2011
Қазақстан зілзаладан зардап шеккен бауырлас Түркия еліне көмек қолын созды. Бүгін осы мақсатта Қарағандыда азық-түлік пен басқа да керек-жарағы бар гуманитарлық жүк арнайы ұшаққа тиелді.
Апат аймағына 15 мың дана бұқтырылған ет, 12 тонна қарақұмық, 1 тонна шай мен 15 тонна макарон өнімдері жіберілмек. Түркия Үкіметінің өтініші бойынша, тек халал еттен жасалған консервілер іріктеліп алынған. Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбіге қараған түні Түркияның оңтүстік шығысында жойқын жер сілкінісі болып, жүздеген ғимарат жермен-жексен болған еді. Қаза тапқандар саны қазір 500-ге таяды. Мыңдаған адам үй-күйсіз, далада қалған. Сондықтан Қазақстан тарапы гуманитарлық көмек ретінде азық-түліктен бөлек,қысқы күркелер, көрпе-жастықпен жылыту пештерін жіберіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!