{metadescription}
0:000:00
Есірткі жасаудың "шебері" - Ресей азаматы 7 жылға сотталды

Есірткі жасаудың "шебері" - Ресей азаматы 7 жылға сотталды

Халық арасында “Қолтырауын” аталатын есірткі түрін Павлодар облысындағы танысының пәтерінде әзірлеп сатқан ресейлік 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Күдікті ақпан айында Ақсу қаласында есірткі саудалап жатқан кезінде құрықталған болатын.

“Қолтырауынның” ресми атауы - дезоморфин. Кір жуатын ұнтақ, хлор, морфин мен аспирин  сияқты қолжетімді заттардан әзірленетіндіктен, бағасы арзан. Бірақ жасалауы оңай болғанымен,героиннен екі-үш есе күштірек. “Қолтыруынға” тәуелді нашақорлар небәрі бір-екі жылда денелері іріп, еттері сүйектерінен ажырап, қиналып өледі екен. Ал пәтерді нашақорлардың ордасына айналдырған 31 жастағы Ресей азаматы бұған дейін де есірткі саудалағаны үшін сотталып шығыпты. Дезоморфин жасауды сол түрмеде отырғанда үйренсе керек. Бірақ күдікті бұл жолы тағылған айыптармен келіспеді.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде