Депутаттар мереке күндері арақ-шарап сатпау туралы бастама көтерді
Автор: Әлия Нұрлан
26.10.2011
Ішімдікке қарсы күресті ел депутаттары бастамақ. Олар ішімдікке тыйым салу керек деп, демалыс және мереке күндері арақ-шарап өнімдерін сатпау туралы бастама көтерді. Ресми өтініштерін олар Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдап та үлгерді.
Бұл орайда шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі ескерілген екен. Көптеген елде, мысалы,Үндістан, АҚШ пен Норвегияда ішімдікке қарсы заң шығарылған. Алайда ол жақта заңсыз сауданың кең етек жайып жатқаны да жасырын емес. Яғни сапасыз өнімнің таралу қаупі айтарлықтай. Бірақ қазақстандық халық қалаулылары қатаң шаралардың арқасында «маскүнемдікті жоямыз, кем дегенде азайтамыз»деген үмітте.
Алдан Смайыл, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Мәселен, Норвегияда сенбі, жексенбі және мереке күндері ішімдіктің қандай да бір түрін сатуға тыйым салынған. Дүкендерде де, мейрамханада да, ешқайда жоқ. Демек,жылына 102 күндей бұл мемлекет мас емес күйде, салауатты өмір сүреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!